Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда3641
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Ардақты ақ халатты абзал жандар!
19-06-2022 15:12
Ардақты ақ халатты абзал жандар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Халықпен біте қайнасқан қастерлі еңбек иесі - медицина қызметкері болу мәртебелі әрі жауапты мамандық. Бұл мереке дертке шипа, денге саулық сыйлайтын осы бір ардақты мамандық иелерінің еңбектері еленетін күн. Ауырсақ тәнімізді емдеп, жанымызға дем беретін дәрігерлер қауымы қашанда құрмет тұтуға лайықты жандар.
«Дені сау адам – қоғам байлығы» деген халқымызда дана сөз бар. Сол байлығымызды сақтауға, сапасы мен санын арттыруға, халқымыздың дені сау, ойы сергек болып қалыптасуына абзал жандардың қосып отырған үлесі айтарлықтай. Әрдайым адамзат баласы тағдырын сеніп тапсыратын мамандықтарыңызды абыроймен атқарып, халықтың ыстық ықыласына бөлене беріңіздер!
 
 
Аудандық мәслихат депутаттары