Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда3641
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!
23-06-2022 10:55
Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Қазақстан Республикасының полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мемлекетіміздің тыныштығы мен халқымыздың бейбіт өмірі, амандығы – бәрінен қымбат. Сондықтан мемлекеттік биліктің қоғамдағы құқықтық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдардың бірі – Ішкі істер органдарының алар орны ерекше.
Тәртіп сақшыларының кәсіби қызметі – зор жауапкершілігімен, тәуекелшілдігімен, қиындыққа төтеп беретін төзімділігімен ерекше құнды.
Сіздерге төл мерекелеріңіз – қазақстандық полиция күні мемлекетіміз бен азаматтардың мүдделерін қорғау, қоғам мен ел тыныштығын сақтау жолында күш-жігер мен төзімділікті, әділдік пен жауаптылықты талап ететін құқық қорғау саласындағы абыройлы да адал еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел тыныштығын тілейміз!

 


Аудандық мәслихат депутаттары