Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Құрметті аудан тұрғындары!
25-10-2022 12:54
Құрметті аудан тұрғындары!

Еліміздің ең басты құндылығы – егемендік.

Біздің еліміз үшін 25 қазанкүнінің тарихта өзіндік орны бар. Себебі 1990 жылы осы күні Жоғарғы Кеңес Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны қабылдады. Дәл осы күннен бастап Қазақстан өзін дербес мемлекет ретінде барша әлемге таныта бастады. Декларацияда алғаш рет аумақтардың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен тілдерін дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайтусияқты мемлекеттілік қағидаттары бекітілді.

Бүгінде Қазақстан елеулі өзгерістер жолында тұр. Ел Президенті Қ.К. Тоқаев елімізді жан-жақты жаңғыртуға бағыт берді. Бұл бүкіл қоғамды өзгертетін күрделі және ұзақ процесс. Маусым айында бүкілхалықтық референдумда біздің азаматтар дауыс беруге белсенді қатысты. Олар нақты өзгерістерге деген ұмтылыстарын көрсетті. Егер біз жұмыла бірігіп, жұмыс жасасақ, мақсатымызға жетеміз.

Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын, жаңғырған мереке- Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Мемлекетіміздің іргесі берік, аспаны ашық болып, ынтымағымыз жарасып, береке бірлігіміз әрдайым нығая берсін! Еліміздің кемел келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ - береке тілейміз!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

Аудандық  мәслихат  депутаттары