Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Мәслихат аудандық бюджетте нақтылауды талқылап, бекітті
27-10-2022 14:29
Мәслихат аудандық бюджетте нақтылауды талқылап, бекітті

Мәслихат аудандық бюджетте нақтылауды талқылап, бекітті. Мәслихат жұмысына аудан әкімі Ержан Иманслям қатысты. Аудандық бюджетті нақтылау сұрағын экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жанар Рахимбердина ұсынды. Ол депутаттарды нақтылау Бюджет кодексіне сәйкес атқарушы органның бастамасы бойынша жүргізіліп жатқандығы туралы хабардар етті. Депутаттар Заря және Жертұмсық ауылдарындағы ауылдық клубтар үшін музыкалық жабдықтар сатып алуға; Ефремовка ауылындағы МҮ шатырына күрделі жөндеу жүргізуге; Шақат ауылы клубындағы жылыту қазандығын сатып алуға және орнатуға; мәдениет ұйымдары үшін тас және қоңыр көмір сатып алуға; АӘК төлеу, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басқа да ағымдағы шығындарына қаражаттың бөлінуін қолдады.
Сонымен бірге, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Наталия Кузяттың мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқыту және әлеуметтік көмек көрсету шығындарын өтеу жөніндегі ақпараты қарастырылды.