Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Құрметті ауыл еңбеккерлері, ауыл шаруашылығы қызметкерлері!
18-11-2022 17:33
Құрметті ауыл еңбеккерлері, ауыл шаруашылығы қызметкерлері!

 Сіздерді төл мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

  Бұл мереке жерде еңбек ететін, мал шаруашылығымен айналысатын, азық-түлік өнеркәсібінде жұмыс жасайтын, еліміздің және өңіріміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген жандардың басын қосады.Аудан экономикасының тірегі саналатын ауыл шаруашылығы саласының халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасын арттыруда орны ерекше.Бұл ел экономикасының ең маңызды саласының бірі.Сіздердің тәжірибелеріңіз бен білімдеріңіз алдағы уақытта да өңіріміздің агроөнеркәсіптік кешені әлеуетінің өсуіне ықпал етеді деп сенеміз.

         Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, қажымас қайрат, әр бастамаларыңызға сәттілік, Отанымыздың гүлденуіне бағытталған еңбектеріңізге табыс тілейміз! Қамбаларыңызға астыққатолып, шаңырақтарыңыз шаттыққа бөлене берсін! 

 

Аудандық мәслихат депутаттары