Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда8519
Бір айда451
Бір аптада89
Кеше5
53 кезектен тыс сессия
04-05-2019 18:29
53 кезектен тыс сессия

Бүгін аудандық мәслихаттың 53 кезектен тыс сессиясы өтті, күн тәртібі бойынша: "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн  айқындаудың қағидаларына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы", "Павлодар ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" мәселелер қаралды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Наталия Кузяттың ақпараты бойынша ережеге жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінен аспайтын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасы санаты енгізілген. Сондай-ақ, ережеде көрсетілген улы газ датчиктерін және газ талдағыштарды орнату үшін 3000 теңгенің орнына 3 АЕК көлемінде көмек көрсетіледі.

Аудандық мәслихат депутаттары Владимир Левченко, Бақытбек Баткеев, Азамат Қашитов көп балалы отбасыларға АӘК төлеуге және жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға қатысты бірқатар сұрақтар қойды. Кейбір ауылдық округтерде мал жаю үшін жайылымдардың жетіспеуі жөніндегі мәселе депутаттардың арасында пікірталас тудырды. Жайылымдарды қысқарту өз кезегінде мал басының азаюына алып келеді.

Жер қатынастары бөлімінің басшысы Айман Бектұрғанованың ақпараты бойынша өткен жылы мемлекет меншігіне өз еркімен бас тарту арқылы елуден астам жер телімдері қайтарылды. Сондықтан осы бағытта жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, депутаттар ауданның жер комиссиясының құрамын бекітті.