Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда8444
Бір айда292
Бір аптада104
Кеше22
Тәулік1
Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, құрметті жерлестер!
08-05-2019 14:54
Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, құрметті жерлестер!

Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, құрметті жерлестер!

Сіздерді батылдық пен жігердің нышаны Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

         9 мамыр – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол – сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн.

         Осынау бейбіт өмірге жеткізген ардагерлерімізге денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілейміз! Әрқашан елімізде бейбітшілік туы желбіреп,  еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Аудандық мәслихат депутаттары