Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда8849
Бір айда426
Бір аптада84
Кеше1
Құрметті аудан тұрғындары!
04-06-2019 11:49
Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

         Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!  Арайлы азаттығымыздың кепілі – Мемлекеттік рәміздер дүниеге келіп, 1992 жылдың 4 маусымы мемлекеттік маңызы бар айтулы күндер қатарына қосылды. Бұл күн – ақталған үміт күні болып біздің егемен Қазақстан тарихының төрінен орын алды. Сол жылдардан бері Мемлекеттік Әнұранымыздың асқақтата шырқалуы, көк Туымыздың көгілдір аспан төрінде қалықтауы, Елтаңбамыздағы жұлдызымыздың жарқырай түсуі Қазақстанның әлемдік аренада орны ерекше екендігін білдіреді. Олай болса, Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтай отырып, әрдайым ел іші мерекелі де берекелі, елтаңбамыз - еңселі, туымыз – тұғырлы, әнұранымыз – айбынды болсын дейміз. Отбасы-шаңырақтарыңызға береке-бірлік пен амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!

Аудандық мәслихат депутаттары