Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда8444
Бір айда292
Бір аптада104
Кеше22
Тәулік1
54 кезектен тыс сессия
07-06-2019 18:24
54 кезектен тыс сессия


 Бүгін депутат Раиса Краснованың төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың 54 кезектен тыс сессиясы өтті. Атқарушы органдар депутаттардың қарауына Павлодар ауданы бойынша 2019-2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды ұсынды. Талқылау барысында депутаттарда халықтың мал жаюға арналған жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі, мал айдауға арналған сервитуттар бойынша бірқатар сұрақтар туындады және осы мәселелер бойынша аудан әкіміне ұсыныстар жолдау қажет деген ойға келді. 

Ақпан айында жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен Красноармейка ауылдық округінің көшелерін қайта атау туралы ұсыныстар қолдау тапты: Ленин көшесі – Достық көшесіне, 60 лет Октября көшесі Тәуелсіздік көшесіне және Тимирязев көшесі Г. Г. Берестовский көшесіне. Берестовский Григорий Григорьевич - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты және Қазақ КСР ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері, еңбек жолын топырақты жел эрозиясынан қорғау жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеу мен енгізуге арнаған ғалым, бірқатар ғылыми жаңалықтардың, көптеген ғылыми жұмыстардың авторы, топырақтың жел эрозиясымен күресте қолданылатын "Нэрозин" препаратын ойлап шығарушылардың бірі, Ұлы Отан соғысына қатысушы. Сондай-ақ, жиында Красноармейка ауылының Кемеңгер ауылы, Красноармейка ауылдық округі Кемеңгер ауылдық округі болып атауын өзгертуді қолдады. Аталған мәселе бойынша депутаттарды мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ержан Рахымжанов хабардар етті. Депутаттар тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, осы ұсыныстарды бірауыздан қолдады, әкімдіктің бірлескен қаулысы мен аудандық мәслихаттың шешімі қабылданды.

Кадрлық өзгерістерге байланысты Аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші-органының – Павлодар ауданының құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамыжәне терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамы бекітілді.