Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда8820
Бір айда793
Бір аптада153
Кеше31
Тәулік16
Ішкі конкурс
05-07-2019 10:57
 Ішкі конкурс

Павлодар аудандық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс қорытындысы бойынша Айымгүл Бекенқызы Таласова мәслихат аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. А. Таласова 1971 жылы 7 мамырда туған, жоғары білімі бар, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "Құқықтану бакалавры" мамандығы бойынша бітірген. А. Таласова Павлодар ауданында 1994 жылдан бастап жұмыс істейді, қазіргі уақытта ауданда қызмет еткеніне 25 жыл болды, оның 16 жылдан астамы мемлекеттік қызметте. Мемлекеттік қызметте еңбек жолын 2003 жылы аудан әкімі аппаратында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі жетекші маманнан бастады, 2005 жылдан бастап мәслихат аппаратында қызмет етуде. Жетекші маманнан бастап мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметіне дейінгі еңбек жолынан өтті.