Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда8820
Бір айда793
Бір аптада153
Кеше31
Тәулік16
Құрметті аудан тұрғындары!
05-07-2019 16:58
Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының айрықша мерекелерінің бірі, еліміздің елорадасы - Нұр-Сұлтан қаласы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сырт көркі жаңа дәуір талабына лайық сән-сәулетімен көз қуантып, талайларды тамсандырған жас елордамыз небір әлемдік деңгейдегі оқиғалар өткен орталық ретінде танылып үлгерді. Жер-жиһан халқын алаңдататын бүгінгі заманның ең өткір мәселелерін талқылау, алыс-жақын аймақтарды жайлаған дау-жанжалдарды бейбіт келіссөз арқылы шешу жөнінде батыл бастамалар көтеріп, тараптарды түсіністік пен мәмілеге шақырып, ізгі ниетпен төрін ұсынған бүгінгі Нұр-Сұлтанның халықаралық беделі асқақтай түсті. Осынау мереке күні сіздерге зор денсаулық, береке-бақыт және егемен еліміздің одан әрі гүлденуіне қосып жатқан еңбектеріңізге табыс тілейміз!Елордамыздың келешегі кемел, болашағы баянды болсын! Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан Нұр-Сұлтан өсе берсін! Елорда күні құтты болсын!

Аудандық мәслихат депутаттары