Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7428
Бір айда611
Бір аптада230
Кеше14
Депутаттардың бақылауында
11-07-2019 17:51
Депутаттардың бақылауында

10 шілдеде депутаттар Владимир Левченко мен Қазбек Жетпісов Новоямышево ауылындағы жөндеу нысандарына барып қайтты. Депутаттар орташа жөндеу басталған ауыл көшелерін қарап шықты. Жақында осы ауылда су құбыры пайдалануға берілген болатын, енді төрт көшеде жаңа асфальт төселетін болады. Осы аптада асфальт төсеу жұмыстары басталды. Жол жөндеу жұмыстарын "АВМ 98" мердігерлік фирмасы жүзеге асырып отыр. Бұдан әрі Ямышев ЖОББМ-нің шатыры қаралды. Содан кейін депутаттар Новоямышево-Ольгинка жол учаскесіне барып қайтты. Осы жолдың жеті километрінің орташа жөндеуін "АВМ 98" фирмасы да орындады.