Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7919
Бір айда578
Бір аптада159
Кеше54
ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының жұмыс сапары
17-07-2019 17:46
ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының жұмыс сапары
15 шілде күні Павлодар ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айзада Құрманова келді. Жұмыс сапары барысында аудан әкімі Жанат Шұғаевпен бірге мемлекеттік бағдарламалар аясында іске асырылып жатқан бірқатар нысандарға барып қайтты. Аудандық мәслихат депутаттары да Анна Солдатова, Әнуар Қалышбеков, Гүлназ Қайырбаева аталған іс-шараға қатысты. Анна Ильинична Мичурино ауылындағы салынып жатқан су құбырын мониторингілеу бойынша "Құтты мекен" партиялық жобасының жетекшісі болып табылады. Әнуар Мұратұлы бизнесті дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жетекшілік етеді және  "Зеленая ферма" ЖК жаңа өндірісін мемлекет тарапынан қолдау тапқаны туралы хабарлады, кәсіпкерлік жаңа технологияларды енгізуге маманданған, салауатты өмір салтын ұстану жөніндегі бағдарламаларда қолдану үшін шағынкөкті гидропонды тәсіл арқылы өсірумен айналысады. Новочерноярка ауылында аудандық емхананың бас дәрігері Гүлназ Қайырбаева дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен таныстырды.