Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7919
Бір айда578
Бір аптада159
Кеше54
аудан әкімінің есебі
19-07-2019 16:55
аудан әкімінің есебі

Бүгін мәслихат хатшысы Айтуған Шайхимовтың төрағалығымен 57 кезекті сессия өтті, онда Павлодар ауданының әкімі Жанат Шұғаевтың "Павлодар ауданының 2019 жылдың бірінші жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы" есебі тыңдалды.

Аудан әкімі атап өткендей, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері экономиканың және әлеуметтік саланың барлық салаларындағы оң үрдістерді көрсетеді. Аудан бюджеті 1 шілдеге жалпы 6340,9 млн. теңгені құрады. Аудан бюджетіне өз салықтары мен басқа да міндетті төлемдер түсімі 376,9 млн.теңгені құрады. Бюджеттің шығыс бөлігі 100% орындалды. Бюджеттің 4 деңгейіне көшкен ауданның 9 ауылдық округтерінің меншік салықтарының түсімі - 33,8 млн. теңгені құрады.

2020 жылы төрт ауылдық округті (Ефремовка, Заңғар, Шақат және Ольгинка ауылы) төртінші деңгейге көшіру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Аудан дамуының негізгі көрсеткіші - бұл негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі, ол 4,0 млрд.теңгеден астамқаражатты құрады, НКИ 107,9%. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың үлесі артты. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсуін атап өткен жөн, жарты жылдың қорытындысы бойынша ол 7,9 млрд.теңгеге, НКИ – 105,5% - ға жетті. Ірі қара мал, жылқы, шошқа, қой басы артты, тиісінше мал шаруашылығы өнімдері: ет, сүт өндіру көлемі де артты. Сондай-ақ, ағымдағы жылы тағы да 6 инвестициялық жоба іске қосылады деп күтілуде.

Депутаттар Б. Бәткеев, А. Солдатова, А. Қашитов су құбырларын пайдалануға, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға, Мичурин ауылындағы балабақша құрылысына, Красноармейка ауылындағы бұрынғы лабортория ғимаратын бастауыш мектепті орналастыруға қатысты бірқатар сұрақтар қойды. Аудан әкімі аталған мәселелер бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп, олар жеке бақылауында болатынын айтты. Аудан әкімінің есебін депутаттар бірауыздан мақұлдады.

Сондай-ақ сессияда аудандық мәслихаттың келесі сессиясының төрағасы болып Азамат Өмірзақұлы Қашитов сайланды.