Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда8444
Бір айда292
Бір аптада104
Кеше22
Тәулік1
Депутаттық бақылау
01-08-2019 15:31
Депутаттық бақылау

Ауданда жөндеу жұмыстары мен құрылыс жұмыстарының мониторингі жалғасуда. Өткен демалыс күндері депутат Дмитрий Корепанов Новочерноярка және Сычевка ауылдарында жөндеу нысандарын аралап қайтты. Новочерноярка мектебінде іргелес аумақты абаттандыру барынша толық жүруде. Мектеп ауласында берік қырлы кеспе төселуде. Бұл асфальтқа жақсы балама. Ал Сычевка ауылында мердігерлер кірме жолды жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бірнеше рет ауыл тұрғындары ауылға жол жасауды өтінді. Бүгінгі күні Сычевка ауылы шағын ауылдың мәртебесіне қарамастан, дамып келеді. Мұнда көкөніс өсірумен айналысады. Негізгі мектеп, шағын орталық, клуб бар және сапалы жолдар мәселесі, әсіресе жауын-шашын болғанда өте өзекті. Жақын арада ауыл тұрғындары жаңартылған жолдың сапасын бағалай алады. Мердігерлер жөндеу жұмыстарын келесі айдың басында аяқтауға уәде берді.