Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7919
Бір айда578
Бір аптада159
Кеше54
мектептер жаңа оқу жылына дайын
21-08-2019 11:50
мектептер жаңа оқу жылына дайын

20 тамыз күні мәслихат хатшысы, депутат А. Шайхимов өзінің сайлау округтері – Красноармейка және Шақат ауылдық округтеріне барып қайтты. Мәслихат хатшысы ауылдық округтердің мектептерін аралап, білім ордаларының жаңа оқу жылына дайындығын тексерді. Атап айтқанда, әйнектердің қауіпсіздігі, канализациялық құдықтардың люкпен жабылуын қадағалап, спорт алаңдарының жағдайымен танысып қайтты. Жалпы аталған округтердің мектептері жаңа оқу жылына дайын. А. Шайхимов қазіргі уақытта мектептерде бастауыш сынып бүлдіршіндерімен дайындық жұмысын жүргізіп жатқан мұғалімдерді оқу жылының басталуымен құттықтап, білім нәрімен сусындату жолында үздіксіз кәсіби жетістіктер тіледі. Сапар соңында Айтуған Абылайұлы Шақат ауылында тұрғындарға жеке қабылдау жүргізді.