Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7637
Бір айда547
Бір аптада61
Кеше7
Тәулік2
58 кезектен тыс сессия
22-08-2019 16:40
58 кезектен тыс сессия
Депутат Азамат Кашитовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс 58 сессиясы өтті. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы қаулысына өзгерістер енгізілуіне байланысты экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі сессияның қарауы мен бекітуіне аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 наурыздағы "2019 жылға арналған Павлодар ауданының ауылдық  елді  мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік колдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселе ұсынды. Бұрын бекітілген НҚА-да ауданның елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген жас мамандар 70 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы алды, қазір өзгерістерге сәйкес мамандар 100 АЕК алатын болады. Депутаттар шешім жобасын бірауыздан бекітті. Сонымен қатар, сессияда мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Төлеген Біләлұлы Шаймардановтың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау бойынша 2018 жылғы және ағымдағы жылдың 7 айындағы есебі тыңдалды. 
 
Сондай-ақ, аудандық мәслихат шешімдерінің іске асырылу барысы туралы, атап айтқанда, депутаттардың аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты орналастыру, ауылдық округтердегі интернет жылдамдығы, азаматтарды құжаттандыру, су құбырларына қызмет көрсету және т.б. мәселелері қаралды. Талқылау барысында депутаттар кейбір мәселелерге тоқталып, алдағы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясында азаматтарды құжаттандыру бойынша АІІБ бастығының ақпаратын тыңдауға бел буды.