Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7919
Бір айда578
Бір аптада159
Кеше54
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы
03-09-2019 16:09
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

        Жыл сайын оқу жылының басталар алдында ауданымызда «Мектепке жол» акциясы бастау алады. Оның мақсаты-жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балаларына көмек көрсету. Жыл сайын осы акцияға қатысуға ниет білдірушілер саны артып келеді. Біздің депутаттар да бұл шарадан тыс қалмай, белсенділік танытты. Халық қалаулылары аудан бойынша 18 бүлдіршінге мектеп формасын, спорттық костюмдер, аяқ киім, кеңсе тауарлары мен сөмкелер сыйлады, сатып алынған тауарлардың жалпы сомасы 250 мың теңгені құрады.