Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7919
Бір айда578
Бір аптада159
Кеше54
Аудандық ақпараттық топтың халықпен кездесуі
11-09-2019 16:39
 Аудандық ақпараттық топтың халықпен кездесуі

Бүгін 11 қыркүйек күні аудандық ақпараттық топ мүшелері, оның ішінде аудандық мәслихат депутаттары, мәслихат хатшысы А. Шайхимов Қазақстан Республикасы Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша ауданның елді мекендеріне барып қайтты. Шақат ауылдық округінде тыңдаушылар негізінен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, жастар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болды. Мәслихат хатшысы Айтуған Шайхимов Жолдаудың бес стратегиялық бағытын егжей-тегжейлі түсіндіріп, жиналғандарды Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың алға қойған міндеттерін іске асыру үшін бар күшін салуға шақырды. Сапар соңында мәслихат хатшысы Шақат ауылында азаматтарды қабылдады.