Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7637
Бір айда547
Бір аптада61
Кеше7
Тәулік2
59 кезектен тыс сессия
13-09-2019 18:21
59 кезектен тыс сессия

  Бүгін мәслихаттыңтұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Ж. Рахимбердинаның ақпараты бойынша бюджетті нақтылау жобасында кірістерді ұлғайту қарастырылған, олар жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша қызметтерге ақы төлеуге, оқу-зертханалық кешен ғимаратын бастауыш мектепке қайта жаңарту үшін ЖСҚ әзірлеуге,Григорьевка ауылдық округіндегіқазандықтыжөндеуге, азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге,сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуіне, әкімшілік ғимаратта бейнебақылау орнатуға,аудандық маңызы бар жолдарды ағымдағы жөндеуге, патронат тәрбиешілерге берілген балалардың күтімінебағытталады.

 Талқыланғанкелесі мәселе - Григорьевка, Луганск, Красноармейкаауылдық округтерінің әкімдері есеп берген тірек ауылдарды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиялардың қаулысын жүзеге асыру бойынша депутаттар ұсыныстарының орындалуы болды. Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдері депутаттарға электрмонтерлерді оқыту және оларды қолданыстағы заңнама аясында рәсімдеу жөнінде ақпарат берді. Жалпы, ауылдық округ әкімдерінің ұсынған ақпараттары бойынша осы бағыттажұмыс жүргізіліп,орындалуда.

   Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша жергілікті полиция қызметінің бастығы Р.Ықсан аудан аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша аудандық мәслихаттың 31 сессиясында депутаттардың ұсыныстарын орындау бойынша ақпарат берді. Тұрақты комиссиялардың отырысында қаралған барлық мәселелер аудандық мәслихаттың 59 кезектен тыс сессиясында бекітіліп,қабылданды.