Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7637
Бір айда547
Бір аптада61
Кеше7
Тәулік2
Кеңес ауылдық округіне жұмыс сапары
17-09-2019 15:46
Кеңес ауылдық округіне жұмыс сапары

17 қыркүйек күні мәслихат хатшысы Айтуған Шайхимов Кеңес ауылдық округінде жұмыс сапарымен болып, Қазақстан Республикасы Президентінің "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеудің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша округ тұрғындарымен кездесу өткізді.  Бұдан әрі Айтуған Шайхимов Кеңес негізгі мектебінде болып, жөндеу жұмыстарын жүргізу, оқушыларды ыстық тамақпен тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі көтерілді. Өз кезегінде мектеп өкілдері мәслихат хатшысына екінші ауысымда балаларды тасымалдау мәселесі бойынша жүгінді. А. Шайхимов бұл мәселені атқарушы органдардың басшыларымен зерделеуге уәде берді. Сондай-ақ, Новоямышево ауылындағы балабақша ұжымымен кездесіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.