Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7637
Бір айда547
Бір аптада61
Кеше7
Тәулік2
Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
02-10-2019 18:13
Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Дәстүрлі түрде халықаралық қарттар күніне орай мәслихат ардагерлерімен – өткен шақырылымдардың депутаттарымен салтанатты кездесу өткізілді. Іс-шара Мичурин мектебінің шаңырағында өткізілді. Ардагерлерді 5 шақырылымның депутаты қазіргі таңда мектеп директоры Айнаш Абдыманова құшақ жая қарсы алды. Іс-шара басында Айнаш Балхашқызы депутаттарды мектеп спорт залының құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырды. Содан кейін халық қалаулылары Даңқ ескерткішінің жанында өткен жылдағыдай қарағай көшеттерін отырғызды. Мектеп қабырғасында депутаттар "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ашылған мұражайдың жұмысымен танысты. Аузы дуалы, сөзі әуелі қарияларымызға ақ дастархан жайылып, мәдениет қызметкерлері мен мектеп бүлдіршіндері әсем ән мен билерін тарту етті. Мәслихат хатшысы Айтуған Шайхимов тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға-апаларды төл мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Қазыналы ардагерлеріміз ән мен бидің әуенінде дем алып, көңілді тарқасты.