Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7637
Бір айда547
Бір аптада61
Кеше7
Тәулік2
Құрметті педагогика саласының ардагерлері, ұстаздар, білім беру мекемелерінің қызметшілері!
04-10-2019 16:51
Құрметті педагогика саласының ардагерлері, ұстаздар, білім беру мекемелерінің қызметшілері!

Сіздерді төл мерекелеріңіз - Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

            Сiздердiң парасатты әрi ауыр еңбектерiңiз қоғамда лайықты кұрметке ие. Ұстаздық сiздерден жоғары кәсiбилiктi, даналықты, шыдамдылықты, өз iстерiңiзге жан-тәндерiңiзбен берiлудi қажет етедi.

         Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.Балаларға берген жылулық пен тәрбиелерiңiз қашанда алдарыңыздан сәттiлiк пен алғыс ретiнде шыға берсiн. Сiздерге мықты денсаулық, береке, ұстаздық жолында шығармашылық табыстар мен жетiстiктер тiлеймiз!

 

Аудандық мәслихат депутаттары