Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда6832
Бір айда801
Бір аптада294
Кеше46
Тәулік31
Қоғамдық кеңес мүшелері ауданда мемлекеттік қызметтерді ұсынылуына мониторинг жасауда
20-11-2019 12:30
Қоғамдық кеңес мүшелері  ауданда мемлекеттік қызметтерді ұсынылуына мониторинг жасауда

Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесі «Павлодар ауданының тұрғындарына сапалы және уақытылы мемлекеттік қызметтер көрсету – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер шараларының бірі»  тақырыбына көпшілік тыңдаулар өткізді.

Көпшілік тыңдауларға ауылдық округтерден  жергілікті қауымдастық өкілдері, ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалар қатысты.

Көпшілік тыңдаулардың тақырыбына аудан әкімі аппаратының басшысы Ә.Т. Оспанова баяндама жасады.

2019 жылдың 3 тоқсанында  жергілікті атқарушы органдармен  53 315 мемлекеттік қызмет көрсетілді (Мемлекеттк корпорациясы арқылы көрсетілгенқызметерді есепке алмағанда), оның 50 031 қызмет ұсынушылардың ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген (www.egov.kzэлектрондық үкіметтің веб-порталында, www.elicense.kz порталында көрсетілгендерден басқа), 280 қызмет қағаз түрінде және мемлекеттік корпорация немесе  электрондық үкіметтің веб-порталында көрсетілуге мүмкін болатын, бірақ баламалы ретте қағаз түрінде көрсетілген 3004 қызмет.

Ауданның барлық ауылдық округтерінде өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған бұрыштар бар, бұнда тұрғындарға ТелеграмБот қосымшасы арқылы мемлекеттік қызмет алуға болады, соның ішінде мынадай қызметтер: ауданның шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге ақысыз тасымалдауға құжаттарды қабылдау, жеке шаруа қожалығының бар болуы туралы анықтама алу,  мекенжай туралы анықтама алу.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарда мемлекеттік қызмет алу туралы ақпараттық кітапшалар бар. Барлығы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштар арқылы 219 қызмет көрсетілді.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап мектеп және мектепке дейінге мекемелерде  1-ші сыныпқа құжаттар тапсыру және мектепке дейінгі мекемелерге балаларды қабылдауға құжаттарды тапсырудың электрондық қызметі ендірілді.

Аудан тұрғындары арасында электрондық мемлекеттік қызмет алуды насихаттау бойынша жұмысы жүргізілуде, бұл мақсатта Набережное және Мичурино ауылдарында экономиканың нақты секторы,  жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар, білім беру бөлімдерінің қатысуымен мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өткізілді.  

Тыңдауларға қатысушылардың арасында жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімімен ұсынылатын  мемлекеттік қызметтер және медициналық қызметтер қызушылық туғызды. Аталған бөлім басшысы Н.П. Кузят пен аудандық поликлиника бас дәрігерінің орынбасары С.О. Ыбраева көптеген сұрақтарға жауап берді.

 Көпшілік тыңдауларға дайындық жүргізу шеңберінде Қоғамдық кеңес мүшілері ауылдық округтердің тұрғындары арасында мемлекеттік қызметтердің сапасы және оларды көрсету мерзімі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алудың қолайлылығы, қосымша құжаттар сұрануы, бюрократизмге қатысты сауалнама жүргізді. Сауалнамаға қатысқандардың көбі Халыққа кызмет көрсету, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен көрсетілген мемлекеттік қызметтерге жоғары баға берді, басым көпшілігі  құжатардың оңай рәсімделуін және бюрократиз жоқтығын атап өтті. Құжаттарды тапсыру мен қорытындысын алуға 5 минуттен 20 минутке  дейін, кейбір жағдайларда - 40-60 минутке  дейін уақыт кететінін айтты. Сонымен бірге, басым көпшілігі қымет көрсету мерзіміне қанағатты болуда.

Көпшілік тыңдаулардың қорытындысы бойынша жергілікті мемлекеттік органдарға мынадай ұсынымдар жасалды:

1. мемлекеттік қызметтердің олардың Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкестігіне тұраұты негізде мониторингін  жасау;

2.  тоқсан сайын мемлекеттік қызметердің сапасына түсетін шағымдарды талдау және олардың орын алуына  жағдай туғызатын себептерді жою;

3. электрондық қызметтер үлесін ұлғайту мақсатында халық арасында электрондық қызметтер, электрондық цифрлық қол қою мүмкіндіктігін насихаттау және түсіндіру бойынша жұмыс жүргізу, әсіресе зейнетке дейінгі, зейнет жастағы, үй шаруасымен айналасатын, декрет демалыстағы әйелдер арасында, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі, қызмет көрсететін ұйымдар, мемлекеттік қызметтердің инфрақұрылымы: байланыс орталығы, өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштар, электрондық үкімет арқылы қызмет алу туралы хабарландыру; халыққа қызмет көрсету орталығымен бірге ауылдық елді мекендерге, әсіресе шалғайда орналасқан ауылдарға барып, мемлектетік қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

4. Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесінің іс-тәжірибесіне мемлекеттік қызмет көрсету барысында азаматтардың  заңды мүдделерін бұзатын  мемлекеттік қызметшілердің және қызметкерлердің іс-әрекетіне түсетін шағымыдардың қарауы енгізілсін.