Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда6832
Бір айда801
Бір аптада294
Кеше46
Тәулік31
Қоғамдық кеңес пен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы
23-12-2019 09:59
Қоғамдық кеңес пен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы
Алдағы жылы республикалық және облыстық бюджеттен түсетін трансферттерді қоса алғанда, аудандық бюджет көлемі 9 727 245 мың теңгені құрайды.  2020 жылға арналған аудан бюджетінің жобасы Қоғамдық кеңестің және аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында қарастырылды. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж. Ж. Рахимбердина атап өткендей, жеке табыс 817210 мың теңге сомасында, субвенциялар мен трансферттер жалпы сомасы 8 миллиард теңгеден астам.
Бюджетті жоспарлау кезінде оның әлеуметтік бағыты сақталған. 2020 жылы аудандық бюджет шығындары 203 500 мың теңгені құрайды. Білім беру жүйесіне 2 953 405 мың теңге бағыттау жоспарлануда. Кеменгер ауылындағы 250 орындық бастауыш мектеп етіп оқу-Лабороториялық корпус ғимаратын қайта жаңарту, бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, НЗМ стандарттары бойынша оқушы жиһазын сатып алу, Луганск және Чернорецк ауылдарында оқушыларды тасымалдау үшін автокөлік сатып алу жоспарлануда.