Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7873
Бір айда915
Бір аптада112
Кеше7
Тәулік25
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Жастар кеңесінің отырысына қатысу
06-02-2020 18:09
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Жастар кеңесінің отырысына қатысу

5 ақпан күні Нұр-сұлтан қаласында Сенат басшысы - Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Жастар кеңесінің бірінші отырысы өтті. Жастар кеңесі ҚР Парламенті Сенаты жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және жастар саясаты саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін қарайтын болады. Кеңес құрамына Парламент, өңірлік мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, үкіметтік емес, жастар ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кірді. Павлодар облысынан жастар Кеңесіне Павлодар аудандық мәслихатының депутаты Әнуар Қалышбеков кіріп және осы мәжіліске қатысты. Сенат Төрайымы құттықтау сөзінде жастар мен жастар саясаты біздің мемлекетіміздің басты назарында екенін атап өтті. "Біз жас ұрпақтың елдің дамуы мен ілгерілеуінің басты қозғаушы күші екенін түсінеміз. Бұл дегеніміз, ол жақсы білім алу, заманауи кәсіби дайындық алу, өзін - өзі жүзеге асыру үшін, біздің Отанымыз үшін жұмыс істеу үшін барлық мүмкіндіктерге ие болу керек", - деді Сенат Төрайымы іс-шараға қатысушыларға. Отырыс барысында 2020 жылы Кеңес жұмысының негізгі бағыттары анықталды. Кеңес құрамын төрт топқа бөлу және тиісінше олардың жұмысын ұйымдастыру, Жол картасы, 2019-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Волонтерлік қызметті дамыту және басқа да мәселелер талқыланды.