Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7370
Бір айда456
Бір аптада91
Кеше7
Тәулік9
Мичурино және Розовка ауылдарына жұмыс сапары
06-02-2020 18:18
Мичурино және Розовка ауылдарына жұмыс сапары

Бүгін жұмыс сапары барысында мәслихат хатшысы, "Nur Otan" партиясының Павлодар аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Айтуған Шайхимов Мичурин және Розовка ауылдарына барып қайтты. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесінің бүгінгі күні өзектілігі артуда. Мәслихат депутаттары тұрақты комиссиялардың отырыстарында бірнеше рет кейбір ауылдық округтерде "Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының" жоқтығы туралы мәселесін көтерген болатын. "Электрондық үкімет" порталы арқылы пайдаланушылардың үлесін арттыру үшін ауылдық округ әкімдіктерінде ConnectionPoint өзіне-өзі қызмет көрсетудің 13 бұрышы құрылды, онда қызмет көрсетушілер клиенттерге электрондық қолтаңба алуға өтінім беруге, ЭЦҚ алуға және қажетті электрондық қызметті алуға көмектеседі. Сапар кезінде мәслихат хатшысы қызмет алу үшін қанша азамат жүгінетіндігімен танысты. Мичурин ауылдық округі маманының айтуынша, мемлекеттік қызмет алу үшін жүгінген азаматтардың саны аз емес, алайда тілек білдіргендердің арасында мемлекеттік қызметті ала алмағандар да баршылық. Мамандар мұны электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) жоқтығымен түсіндірді. Бұл тығырықтан шығудың амалы - егер ұялы телефонның нөмірі «E.gov.kz» Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі порталында тіркелген болса, азаматтар қажетті қызметті мобильді қосымша арқылы ала алады. Мәслихат хатшысы аппарат мамандарына ХҚКО қызметкерлерімен телефон нөмірлерін тіркеу бойынша бірлескен жұмыс жүргізуді, ауылдық жерлердегі түсіндіру жұмыстарына көңіл бөлуді, мемлекеттік қызметтерді алу негіздерін түсіндіретін азаматтарды оқыту бойынша жұмыс жүргізуді ұсынды.