Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7863
Бір айда908
Бір аптада85
Кеше25
тұрақты комиссиялардың отырысы
10-02-2020 08:44
тұрақты комиссиялардың отырысы

Бүгін Павлодар аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті. Бірінші болып "2020 жылға арналған Павлодар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік колдау шараларын ұсыну туралы" мәселесі тыңдалды. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Аккузиновтың ақпараты бойынша биылғы жылы 95 маманға, оның ішінде бюджеттік кредит түрінде – 50 және көтерме жәрдемақы түрінде – 45 маманға қызмет көрсету жоспарлануда. Талқылау кезінде депутаттар осы санаттарға мемлекеттік қызметшілер кіре ме деп сұраған болатын, бұған Азамат Социалұлы аталмыш санатты енгізу жобалау сатысында ғана деп жауап қатты.

Ауданның мәдениет мекемелерінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы депутаттарды мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е. Рахымжанов хабардар етті. Халық қалаулылары тарапынан осы бағдарламаның үйлестірушісі қандай орган екендігі, 2018-2019 жылдары қанша қаражат бөлінді, жұмыс жоспары жөнінде сауалдар қойылды. Бағдарлама өзге бағдарламаларды іске асыру аясында жүзеге асырылуда. Жалпы, депутаттар талқылау барысында анықталғандай бағдарлама үйлестірушісінің - ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің осыбағыттағы жұмысы тиісті деңгейде жүргізілмейтінін атап өтті. Қардың көп түсуіне және ауылдық елді мекендерді су басу қаупіне байланысты депутаттар ауданның су тасуына дайындығы мәселесін қарастырды. Аудандық ТЖ бөлімі бастығы Оксана Вейцтің айтуынша бұл бағытта жұмыс бастау алды - жоспар әзірленіп, жақын арада су басу қаупі бар ауылдарды анықтау мақсатында ауылдық округтерге сапарлар, сондай-ақ су тасу кезіндегі іс-әрекеттер бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Мәселені талқылау барысында депутаттар су тасуына жол бермеу бойынша нақты шаралар қабылданғаннан кейін келесі сессияда осы мәселеге оралуға шешім қабылдады.

 

Сондай-ақ, депутаттар экологияның маңызды мәселелерінің бірі-аудандағы жайылма жерлердің жағдайын қарастырды. Мәселені қарау кезінде комиссия төрағаларынан жайылма жерлерді пайдалану мен қорғауды жақсарту жөніндегі іс-шаралар бағдарламасын әзірлеу бойынша ұсыныс түсті.
Бұдан соң, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын алуына және "Бастау бизнес" бағдарламасын жүзеге асыруға қолдау көрсету жөніндегі депутаттардың ұсыныстарын жүзеге асыру туралы Рождественка, Черноярка, Чернорецк ауылдық округтерінің әкімдері баяндама жасады.
Соңында тұрақты комиссиялардың төрағалары өз комиссияларының 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берді.