Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7370
Бір айда456
Бір аптада91
Кеше7
Тәулік9
66 сессия
11-02-2020 18:26
66 сессия

Владимир Иванович Левченконың төрағалығымен өткен мәслихаттың 66 кезектен тыс сессиясында Павлодар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға 2020 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жөнінде сөз қозғалды. 

"Дипломмен – ауылға" бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге келген мамандарға әлеуметтік қолдауды ұлғайту жоспарлануда.Егер өткен жылы 60 маманға бюджеттік несие мен көтерме жәрдемақы төлеу жоспарланған болса, биылғы жылы бұл сан 95 маманға артты.

Мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М. Рахымжанов "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында ауданның мәдениет мекемелерінде өткізілген іс-шаралар туралы баяндады. Мәселені талқылау кезінде депутаттардан осы бағдарламаны іске асыру жөніндегі жұмыс тобының жұмысын қайта жандандыру туралы ұсыныс түсті. Бұған аудан әкімінің орынбасары Әлмира Аманқызы Дисюпова топтың жұмысы қайта жандандырылады - отырыстар тоқсан сайын өткізіледі деп жауап берді. Сондай-ақ депутат Бақытбек Тілеубайұлы Баткеев ардагерлер кеңесінің жанынан ақсақалдар кеңесін құру туралы ұсыныс жасады. Ұсынысқаоң жауап берілді.

Рождественка ауылдық округі әкімінің мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын алуына және "Бастау бизнес"бағдарламасын жүзеге асыруына көмек көрсету туралы ақпараты тыңдалды.

Бұдан басқа, халық қалаулыларыкәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына өзгерістер енгізді.