Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7483
Бір айда351
Бір аптада44
Кеше3
Тәулік25
Құрметті аудан тұрғындары!
20-03-2020 14:58
Құрметті аудан тұрғындары!

Жер - жаһанға тіршілік нәрін сеуіп, ару көктеммен бірге келген жарқын мерекеміз – Ұлыстың ұлы күні, жыл басы Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! 
Бұл – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан, тарихы ғасырлар тереңінен тамыр тартқан халқымыздың қастерлі мерекесі. Наурыз – халқымыздың тірлігі мен бірлігінің, ырысы мен берекесінің көрінісі, биік рухымыздың, өрелі мәдениетіміз бен өнеріміздің, салт-дәстүріміздің, тіліміз бен діліміздің өзегі. 
Күн мен түннің теңесіп, жер дүниенің жайнайтын сәті елімізге жақсылығын ала келсін, бақыт пен шаттық, ырыс пен береке сыйласын. Баршаңызға денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бастаған істеріңізге табыс тілейміз. 
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әр шаңырақ шаттыққа бөленсін. Әз-Наурыз құтты болсын! 

Аудандық мәслихат депутаттары