Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда6827
Бір айда796
Бір аптада289
Кеше46
Тәулік26
новочернояркаға сапар
04-06-2020 10:06
новочернояркаға сапар

         Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелері Қ.С. Әбішев, А.А. Шайхимов, Ғ.Қ. Рахметова Новочерноярка ауылында жылу трассасы бар қазандықтың және су құбырының құрылысымен танысып қайтты. Құрылысты «Даниер ӨСҚФ» ЖШС фирмасы жүргізіп жатыр. Қазандықтың қуаттылығы жалпы алаңы 6500 шаршы метр құрайтын 16 көп пәтерлі тұрғын үйге, 6 бюджеттік мекемеге, жалпы алаңы 4300 ш.м.құрайтын жеке меншік секторға, келешекте 8000-10 000 ш.м. көлемде жеке меншік секторды да қамтуға есептелген. Жобаның жалпы сметалық құны 624, 405 млн.теңгені құрайды. Іске асыру мерзімі – 2020-2021 ж.ж. Сәуір айынан бастап қазандықтың іргетасын және жылу трассасының құбырларын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нысанның құрылысын жүргізетін қосалқы мердігерлік ұйымның басшысымен әңгімелесу барысында материалдық және өзге де ресурстар жеткілікті екендігін, нысанды биыл іске қоса алатындығын жеткізді. Су құбырлар желісінің ұзындығы 22,5 шақырымды құрайды. Орталықтандырылған сумен 1800 аса адамды қамту жоспарлануда. Бүгінгі күні жұмыстың 70% атқарылды. Нысанды ағымдағы жылдың қыркүйек айында іске қосу жоспарлануда.