Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда6832
Бір айда801
Бір аптада294
Кеше46
Тәулік31
Қоғамдық кеңес мүшелері тұрғындарға қызмет көрсету бөлімінің жұмысымен танысып қайтты
16-06-2020 18:04
Қоғамдық кеңес мүшелері тұрғындарға қызмет көрсету бөлімінің жұмысымен танысып қайтты

Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелері тұрғындарға қызмет көрсету бөлімінің карантин режиміндегі жұмысымен танысып қайтты.

Бөлім Толстой көшесі, 10 үй мекенжайында орналасқан. Бөлім қызметкерлері мен қызмет алушылар мүмкіндігінше карантин талаптарын сақтауға тырысады: барлықтары бетперделер киген, қызметкерлер әлеуметтік қашықтық сақтауға шақырады, бірақ үй -жайлар тар, ал қызмет алушылар саны көп  болғандықтан, бұл талапты әрдайым сақтау мүмкін емес.

Өзіне өзі қызмет көрсету секторы биыл 4 жаңа компьютермен жабдықталған, бүгінгі күні олардың саны – 7. Залда клиенттерге көмек көрсетіп жүрген қызметкер бар.

Қоғамдық кеңес мүшесі Ю. Ямпольская жұмысты ұйымдастыру жағынан ұсыныс енгізді, бұл ұсыныс 18 маусым күні  Кеңес отырысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жасаудың қорытындысы тыңдалған кезде, талқыланатын болады.