Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7370
Бір айда456
Бір аптада91
Кеше7
Тәулік9
Құрметті аудан тұрғындары!
30-08-2020 09:11
Құрметті аудан тұрғындары!
Мемлекетіміздің ең ұлық та, қастерлі мерекелерінің бірі - Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар. Биылғы жылы Ата Заңымыздың қабылданғанына 25 жыл толып отыр. Осынау жиырма бес жылдық кезеңде тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде іргесін бекітіп, адам мен азамат және қоғам мен мемлекет арасындағы күрделі әрі аумалы-төкпелі уақыт кезеңінде саяси-құқықтық реттеу тұрғысынан өте үлкен тарихи міндет пен миссия атқарды деп нық айта аламыз. Осынау мәні терең, мерейлі мерекемен құттықтай отырып Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы мен халық игілігі жолындағы мақсатты істеріңізге сәттілік тілейміз! Бейбіт ел болып, береке - бірлігіміз арта берсін!
 
Аудандық мәслихат депутаттары