Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7370
Бір айда456
Бір аптада91
Кеше7
Тәулік9
Ольгинка ауылына сапар
08-09-2020 10:32
Ольгинка ауылына сапар

"Құтты мекен" партиялық жобасы аясында партиялық фракцияның депутаты, мониторингтік топтың жетекшісі Владимир Левченко Ольгинка ауылындағы жөндеу нысандарына барып қайтты.

Тамыз айында Ольгинка мектебінің ауласын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілген болатын. Алайда, орындалған жұмыстарда ескертулер баршылық: тротуар плиткасы тегіс емес, плиткалардың кесілген бөліктерінен құралған көптеген сыналанулар бар, ортасында плитка "ойнақшып" тұр. Тиісті хат жолдау бойынша шешім қабылданды.

Келесі нысандар мәдениет үйі мен спорт кешені болды. Екі нысанда да жұмысты бір мердігер - "Промжилстройкомплекс" ЖШС жүргізеді. Нысандарды аралау кезінде 14 адам жұмыс істеді, бұл жеткіліксіз. Мәдениет үйінде шатырды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанды тапсыру мерзімі қараша айының соңы. Спорт кешенінде барлық терезелер, жылыту жүйесі орнатылған, шешінетін бөлме, душ бөлмесі, спорт залында әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанды тапсыру мерзімі қыркүйек айының соңы.