Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7334
Бір айда453
Бір аптада109
Кеше32
Объектілер мониторингісі
23-09-2020 18:05
Объектілер мониторингісі

22 қыркүйекте мәслихат хатшысы, "Nur Otan" партиясы Павлодар аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Айтуған Шайхимов мониторинг жүргізу мақсатында Ольгинка ауылына барып, салынып жатқан нысандардағы құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты. Ольгинка ауылында "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы бойынша спорт кешенінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілуде. Нысанның құрылысымен "Промжилстройкомплекс"ЖШС мердігерлікұйымыайналысады. Жұмыстар мамыр айында басталып, ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына қарай аяқталады деп жоспарлануда. Бүгінгі күні спорт кешенінде келесі жұмыстар жүргізілді: медициналық кабинет пен себезгі кабиналары кафельмен қапталған, жылыту жүйесі аяқталған, шатыр жабыны 98% - ға орындалған, еден тостағаны қоршалған, күрес залында қабырғалар кермеленген, терезелер шығарылған, сыртында төсеніштержәне басқа да жұмыстар жасалған. Барып қайтқан келесі нысан–ғимараты  қайта жаңғыртылатын Мәдениет үйі. Жұмыстар шілде айында басталып, ағымдағы жылдың қараша айының соңында аяқталады. Екі нысандада  жұмыспен қамту орталығынан 23 жергілікті тұрғын еңбек етуде. Бүгінгі күні мәдениет үйінде келесі жұмыстар орындалды: демонтаждықжұмыстар, қабырғаларды тазалау және сылау, арақабырғаларды қалау жұмыстары жүргізілді. Жалпы, объектілердегі жұмыстың негізгі бөлігі орындалды және мерзімінде аяқталуы тиіс.