Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7334
Бір айда453
Бір аптада109
Кеше32
Құрметті еңбек ардагерлері, аға ұрпақ өкілдері!
01-10-2020 09:05
Құрметті еңбек ардагерлері, аға ұрпақ өкілдері!
Құрметті еңбек ардагерлері, аға ұрпақ өкілдері!
 
Сіздерді даналық пен ізгілік мерекесі - Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және қамқорлық көрсететін ерекше мейірімге толы күн. Осы бір жүрек тебірентерлік жарқын мереке адамдарды Сіздердің алдарыңызда мәңгі қарыздар екендігімізді тағы бір есімізге салғандай болады.
Бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсаған аға ұрпақ өкілдерінің алдында бас иеміз. Сіздердің бойларыңыздағы өмірге деген шексіз белсенділік, ерік-жігер бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болып табылады.
Сіздерге баянды бақыт, зор денсаулық пен амандық, ұзақ өмір, көтеріңкі көңіл-күй, жақын туыстарыңыздың сый-құрметі мен қамқорлығын тілейміз!
 
Аудандық мәслихат депутаттары