Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7334
Бір айда453
Бір аптада109
Кеше32
Құрметті педагогика саласының ардагерлері, ұстаздар, білім беру мекемелерінің қызметшілері!
04-10-2020 17:54
Құрметті педагогика саласының ардагерлері, ұстаздар, білім беру мекемелерінің қызметшілері!

Құрметті педагогика саласының ардагерлері, ұстаздар, білім беру мекемелерінің қызметшілері!

Сіздерді қоңыр күздің тамаша мерекесі — Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұстаздық — қоғамдағы ең құрметтi де қадiрлi мамандықтардың бiрi. Өйткенi шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан еліміздің ертеңгі келешегі сіздердің қолдарыңызда. Сіздерге қандай мақтау айтылса да артық етпейді.Жасаған еңбегіңіз үшін алғыс айта отырып, зор денсаулық, ұзақ өмір, қиын да қастерлі ұстаздық қызметте табыс тілейміз! Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін! Шәкірттеріңіздің құрметі мен парасатына бөлене беріңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін!

Аудандық мәслихат депутаттары