Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7334
Бір айда453
Бір аптада109
Кеше32
праймериз қатысушылары марапатталды
07-10-2020 17:58
праймериз қатысушылары марапатталды

Бүгін "Nur Otan" партиясының аудандық филиалында праймеризге қатысқан кандидаттарды марапаттау рәсімі өтті. "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Әбілқайыр Ысқақовтың алғыс хаттары партияның 33 мүшесіне табыс етілді. Олар – жастар өкілдері, кәсіпорын басшылары, мұғалімдер, медицина қызметкерлері, көп балалы аналар, спортшылар. Сонымен бірге олардың қатарында Павлодар аудандық мәслихатының депутаттары: Айтуған Шайхимов, Бақытбек Баткеев, Әсия Абылғазинова және Дмитрий Корепанов та бар. Сондай-ақ, "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының төрағасы Жанат Шұғевтың алғыс хатымен аудан мәслихаты аппаратының бас маманы, праймеризді өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің мүшесі Ризаш Салпыкова атап өтілді.