Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда6832
Бір айда801
Бір аптада294
Кеше46
Тәулік31
Жер ресурстарын басқару туралы
12-10-2020 17:21
Жер ресурстарын басқару туралы

Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысында жер қатынастары бөлімінің ауданның жер ресурстарын басқару бойынша атқарылған жұмысы туралы мәселе қаралды. Бөлім басшысы Х.О. Оразбековтың ақпаратынан соң Кеңес мүшелері пайдаланбаған жерді кері алу бойынша сұрақтартарды талқылады.
Үстіміздегі жылдың ақпанында берілген жайылымдардың бар малдың басына сәйкестігіне талдау жасап, нәтижесінде жалпы көлемі 37,1 мың га құрайтын пайдаланбаған учаскелдер анықталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 38 жайылым учаскесі егістік жерге ауыстырылды, бір бөлігі резервке қайтарылды, кейбір учаскелер бойынша мәліметтер өзгерілді. 26 пайдаланбай жатқан учаскелер бойынша жұмыс жалғасуда.

Екінші деңгейдегі банктерде кепілдікте қалған учаскелер бар, оларды кері тартып алу мүмкін емес. Олардың бірі 600 млн.теңгеге бағаланған суармалы учаске. Банк инвесторларды іздеуде, бірақ әзірше нәтижесіз. Маусым айында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы шешім қабылданды. Хамза Оразбековтың айтуынша, әзірше жерді мақсаты бойынша пайдаланудың жалғыз-ақ тәсілі – салық салуды 10 есе ұлғайту.
Кеңес мүшелері жайылымпайдаланушылар жердің құрамын жақсартуға мән бермейтіндігіне, ауыл шаруашылық өндірушілер малды қорада ұстауға көшкендігіне назар аударды. Фермерлер арасында жайылымдық жердің құрамын жақсарту жағынан ғылыми ұйымдармен ынтымақтасу бойынша түсіндірме жұмыс жүргізу ұсынылды.
Талқылаудың қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.