Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7095
Бір айда492
Бір аптада112
Кеше34
Тәулік1
Объектінің мониторингісі
22-10-2020 15:21
Объектінің мониторингісі

21 қазан күні мәслихат хатшысы, "Nur Otan" партиясының Павлодар аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Айтуған Шайхимов мониторинг жүргізу мақсатында Новочерноярка ауылына ат басын тіреп, салынып жатқан нысанға барып қайтты. Новочерноярка ауылында "Құтты мекен" партиялық жобасын жүзеге асыру аясында жылу трассасы бар қазандық құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта келесі жұмыс түрлері жүргізілді: КТҚ орнатылды, құрама құрылымдардың монтаждау-дәнекерлеу жұмыстары аяқталды, модульдік қазандық кешені орнатылды, кіреберіс жолға асфальт төселді, электр бөлігі бойынша іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазандық шатырының монтажы аяқталды, көмір қоймасындағы бетондау жұмыстары аяқталды. Көмір қоймасының құрылысын аяқтау, жер учаскесінің периметрі бойынша аумақты қоршау жұмыстары жүргізілуде.
Орталық жылу жүйесіне Центральная көшесіндегі 2 – 2 қабатты үйлер, әлеуметтік нысандар (әкімдік, мектеп, балабақша, МҮ) және 9 жеке сектор үйлері қосылды.
Бір ай ішінде орталық жылуға 3-4 қабатты, 2-2 қабатты үйлер мен 16 жеке сектор үйлерін қосу жоспарлануда.
Жалпы объект бойынша жұмыстың негізгі бөлігі орындалды және жоспарланған мерзімде аяқталуы тиіс.