Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7094
Бір айда491
Бір аптада111
Кеше34
76 кезектен тыс сессия
23-10-2020 17:23
76 кезектен тыс сессия
Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы мен сессиясы өтті. Күн тәртібі бойынша келесі мәселелер: ауылдық округтер мен Ольгинка ауылының бюджетін нақтылау, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамы туралы және т.б. сұрықтар қарастырылды. Бірінші сұрақ бойынша депутаттарда қоқысты рұқсатсыз төгу жерлерін жабуға және қоқыс тастайтын жерлер бойынша құқық белгілейтін құжаттаманы рәсімдеуге қаражат бөлуге қатысты бірқатар сұрақтар туындады. Талқылау барысында қаражат мониторингпен анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында бөлінгені анықталды. Депутат Бақытбек Баткеев кәсіпкерлерді белсенді тарта тырып қоқыс тастайтын жерлерді беруге көмек көрсетуді ұсынды.
Сонымен бірге, мәслихаттың нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу сұрағы талқыланды. Осы сұрақ бойынша мәслихат аппаратының басшысы Айымгүл Таласова сөз сөйледі. Ол депутаттарды аудан әкімдігінің бірқатар бөлімдері: жер қатынастары бөлімі, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі, Кемеңгер ауылы әкімдігі мәслихат аппаратының басшысы тарапынан көрсетілетін консультативтік-құқықтық көмекке қарамастан, мемлекеттік органдардың Интранет-порталы бойынша келісуге шешім жобаларын көптеген бұзушылықтармен және толық емес ұсынатындығы туралы хабардар етті. Осыған байланысты мәслихат шешім жобаларын бірнеше рет қабылдамады. Талқылау барысында бөлім басшылары, Кемеңгер ауылының әкімі алдағы уақытта НҚА қабылдау рәсімдерін ҚР Заңына сәйкес көрсетілген мерзімде және толық көлемде жүзеге асыратындарына сендірді. Депутаттар мұндай жағдайларға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау туралы ұсынысты аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарларының атына жіберуді ұсынды.
Сонымен қатар, депутаттар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамына енгізілген өзгерістерді бекітті.
Соңғы болып учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Құрылған бос орындарға байланысты шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының 13 мүшесі сайланды.