Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7094
Бір айда491
Бір аптада111
Кеше34
тұрақты комиссиялардың көшпелі отырысы
05-11-2020 11:13
тұрақты комиссиялардың көшпелі отырысы
4 қараша күні Қаратоғай ауылында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының көшпелі отырысы өтті. Мақсат - бірінші қабатта ФАП, кітапхана, клуб және ауыл жастарына арналған спорт залы, екінші қабатта-бастауыш мектеп және шағын орталық орналасқан мектеп ғимаратының ағымдағы жағдайын тексеру, жөндеу мәселесін шешу.
Кездесуге мәслихат хатшысы Айтуған Шайхимов, Бақытбек Баткеев, Дмитрий Корепанов, Гүлназ Қайырбаева, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұрмағамбетов, мәдениет және спорт бөлімінің басшысы, білім бөлімі басшысының орынбасары қатысты.
Депутаттар ғимаратты жөндеу мәселесін бірнеше рет көтерген болатын, бірақ түйткілді мәселел шешілер емес. Осыған байланысты мәселені сол жерде шешу үшін барлық жетекшілік ететін бөлімдер басшыларының қатысуымен мәслихат комиссияларының көшпелі отырысы өткізілді. Талқылау барысында жоғарыда аталған бөлімдер мен аудандық емхананың басшылары депутаттарға алдағы уақытта ғимаратты жөндеуге қаражат бөлінетінін жеткізді.