Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7095
Бір айда492
Бір аптада112
Кеше34
Тәулік1
чернорецк ауылдық округіне сапар
11-11-2020 18:16
чернорецк ауылдық округіне сапар
Бүгін мәслихат хатшысы Айтуған Шайхимов пен депутат Әсия Абылғазинова Чернорецк ауылдық округіндегі бір қатар объектілерге барып қайтты.
Барып қайтқан бірінші нысан - күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан ауылдың Мәдениет үйі болды. Жөндеу "Ауыл Ел – бесігі" бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні жылу жүйесін жөндеу, шатырды жабу, қасбеттік, әрлеу жұмыстары аяқталды. Электр сымдарын ауыстыру жұмыстары аяқталуға жақын.
Содан соң қос депутат 16 пәтерлі екі қабатты үйдің таяу арада аяқталған жөндеу жұмыстарымен танысып қайтты. Ғимаратта тозған құрылымдарды берік құрылымдарға ауыстыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді. Су, электр қуаты өткізілді, ғимарат модульдік қазандық арқылы жылытылатын болады.