Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда6832
Бір айда801
Бір аптада294
Кеше46
Тәулік31
Бас қаржы құжаты бекітілді
23-12-2020 18:04
	Бас қаржы құжаты бекітілді

         Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы және 78 кезекті сессиясы өтті.

         Талқылаудың басты мәселесі - аудан бюджетін бекіту. 2021-2023 жылдарға арналған аудан бюджетінің негізгі параметрлерін экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жанар Рахымбердина таныстырды.

Ауданның жергілікті бюджетінің жалпы көлемі 9 млрд.теңге сомасында жоспарланған. Жанар Жарылғапқызының айтуынша, Ефремовка, Пресное, Ольгинка, Сычевка, Рождественка, Заңғар ауылдарында су құбыры мен су құбыры құрылыстарын салуға және Камеңгер ауылында су құбырын қайта жаңартуға; Заря ауылында футбол алаңын салуға, автомобиль жолдарын жөндеуге; әлеуметтік қамтамасыз етуге және әлеуметтік көмекке шығыстар жоспарланған. Сондай-ақ басты қаржылық құжаттың жобасында жалақыға, әлеуметтік объектілер мен іс-шараларды ұстауға арналған жыл сайынғы шығыстар көзделген. Талқылау барысында депутаттардан бірқатар ұсыныстар келіп түсті, атап айтқанда,жайылымдардың жай-күйін жақсарту қаржыландыруды ұлғайту мүмкіндігін қарастыру.

         Павлодар ауданында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу барысы туралы аудандық емхананың бас дәрігері Гүлназ Қайырбаева хабарлады. Бас дәрігердің және аудан әкімі орынбасарының айтуынша жұмыс берушілермен өз қызметкерлерімен еңбек шартын жасасу бойынша жүргізілген түсіндіру жұмыстарына қарамастан сақтандырылмаған азаматтар саны 5631 адамды құрайды. Талқылау барысында депутаттар бас дәрігерден ауданда МӘМС енгізу бойынша ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп одан әрі жұмыс жүргізу үшін әрбір ауылдық округ бойынша ақпарат беруді сұрады.