Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда6832
Бір айда801
Бір аптада294
Кеше46
Тәулік31
Құрметті жерлестер!
01-01-2021 09:09
Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

          Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

     Жаңа жыл – әрбір адамның жүрегіне жаңа үміттер мен ізгі армандар ұялататын ерекше мереке. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен аттанғанды қалайды.

         2021 жылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына қадам басамыз. Келер жылды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жариялады. Айтулы мерекемен ерекшеленгелі тұрған жылы еліміздің дәулеті артсын, мәртебесі асқақтай берсін! Керегеміз кең, кіммен де болса тереземіз әрқашан тең болсын! Бүкіл әлемді шарпыған індет ауыздықталып, үйреншікті өмірімізге қайта оралуға жазсын.

         Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен құт-береке келсін!

         Жаңа жыл құтты болсын!

 

         Аудандық мәслихат депутаттары