Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7313
Бір айда884
Бір аптада161
Кеше13
Тәулік1
"Аманат" депутаттық тобының отырысы
11-02-2021 18:22

Бүгін онлайн-режимде "Аманат" депутаттық тобының жетекшісі Бақытбек Баткеевтің төрағалығымен "Ауданда кәсіпкерлікті дамыту туралы" сұрағы бойынша отырыс өтті. Жиынға ҚР Мәжілісінің депутаты Анатолий Бойчин, Шарбақты және Ақтоғай аудандық мәслихаттарының хатшылары Нұрлыбек Қизатов, Жанат Тәшенев қатысты.
Осы сұрақты дайындау мақсатында комиссия отырысын өткізгенге дейін мәслихат хатшысы Айтуған Шайхимов пен депутаттық топ мүшелері кәсіпкерлердің, шаруа қожалықтарының жұмысымен танысу үшін, атап айтқанда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуымен танысу мақсатында ауылдық округтерге барып қайтқан болатын. Бұған қоса, аталған тақырып бойынша мәслихат аппараты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінен ақпарат жинады. Мәслихат хатшысы Айтуған Шайхимов өз ойын білдіріп, ауданда "Еңбек" бағдарламасы бойынша бөлінген несиелер мақсатына сай пайдаланылмай, яғни бағдарламаның тиімсіз іске асырылуы байқалатынын атап өтті. Анатолий Васильевич жоғарыда аталған тақырыпты талқылауға шақырғаны үшін депутаттық топқа алғысын білдірді. "Аманат" депутаттық тобы көптеген жылдар бойы шешімін таппаған маңызды сұрақтарды шешуді көтеріп отыр. Мемлекеттік қаражатты игеру ғана емес, тиімді пайдалану мәселесін де шешу керек. Яғни, нақты нәтиже алу. Мемлекет бүгінгі таңда Даму қоры арқылы кепілдендіру, субсидиялау бойынша көп жұмыс атқарды. Бірақ кері байланыс жоқ. Иә, мемлекеттік бастама керек. Депутаттық топтың бұл сұрақты көтергені өте қуанышты. Бұл жұмысты одан әрі жалғастыру қажет. Мен кез-келген көмек көрсетуге дайынмын. Шақырғаныңыз үшін рахмет. Егер сізден кері байланыс болса, мен ашықпын. Мен тікелей ынтымақтастыққа дайынмын. Депутаттық сауал аясында бұл мәселені Үкімет деңгейінде көтеруге дайын", - деді Анатолий Васильевич.
Сұрақты талқылау барысында депутаттар ҚР Мәжілісіне қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар енгізу қажет деген қорытындыға келді.