Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7313
Бір айда884
Бір аптада161
Кеше13
Тәулік1
2 кезекті сессия
12-02-2021 18:25
2 кезекті сессия

         Бүгін аудандық мәслихатта 2 кезекті сессия өтті. Сессияда 9 сұрақ қаралды.

         Бірінші болып Мичурин ауылдық округінің әкімі Оралбек Көпенов баяндады. Ол депутаттарды жергілікті қоғамдастықтардың бөлек жиындарын өткізу тәртібімен таныстырды.

         Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы екінші сұрақ бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жанар Рахымбердина баян етті. 2021 жылы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға не салуға 43 бюджеттік кредит беру жоспарлануда.

         Сумен жабдықтау жүйелерінің жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету туралы депутаттарға экономиканың нақты секторы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ертай Айдаболов хабарлады. Бір күн бұрын депутаттарды тұрақты комиссиялардың отырысында ауылдарда, атап айтқанда Заря және Чернорецк ауылдарында су құбырларының жұмыс істеуі мәселесі алаңдатты. Сессияда Ертай Жетпісұлы көктемнің келуімен барлық анықталған кемшіліктер мердігердің өз есебінен жойылатынын айтты.

         Аудандық қаржы бөлімінің басшысы Нұрлан Досмағамбетов бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы туралы сөз қозғады. "Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуының 4 деңгейдегі оң динамикасына қарамастан, берешек бар. Берешектің негізгі сомасы жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтан туындаған", - деп атап өтті Нұрлан Назымбекұлы өз сөзінде. Талқылау барысында депутаттар ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп берешекті өтеу бойынша жұмысты күшейтуді ұсынды.

         Сессия соңында кадрлық өзгерістерге байланысты депутаттар бірнеше комиссияның құрамын бекітті.