Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7313
Бір айда884
Бір аптада161
Кеше13
Тәулік1
аудандық полиция бөлімі бастығының есеп беру кездесуі
19-02-2021 09:21
аудандық полиция бөлімі бастығының есеп беру кездесуі
18 ақпан күні депутаттар мен аудандық мәслихат аппаратының басшысы Павлодар ауданының полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкеновтің аудан тұрғындары алдындағы есептік кездесуіне қатысты. Кездесу zoom платформасы негізінде онлайн-режимде өтті. Дулат Төкенов жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 9% - ға төмендегенін атап өтті. Жалпы қылмыстардың ашылуы 80% құрады. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу 77% - ды құрады. Жалпы ұрлық саны 51% – ға, пәтер ұрлығының саны 30% – ға, мал ұрлығының саны 42% - ға азайды.
Кездесу барысында депутаттар Юлия Ямпольская мен Вера Гейнц өз сұрақтарын қойды. Юлия Сергеевна учаскелік полиция инспекторларының қызметтік көлікпен қамтамасыз етілуі туралы сауалын қойды. Полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкеновтың айтуынша, 9 учаскелік полиция инспекторы көлікпен қамтамасыз етілген, биыл тағы екі бірлік бөлу жоспарланған. Вера Александровна болса сот медициналық сараптама жүргізу мәселесін көтерді.