Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7721
Бір айда666
Бір аптада161
Кеше30
Тәулік4
"аманат" депутаттық тобының отырысы
07-04-2021 17:24

     Бүгін онлайн-режимде «Аманат» депутаттық тобының отырысы өтті. Отырыс топ басшысы Бақытбек Тілеубайұлы Баткеевтің төрағалығымен өткізілді. Отырыста маңызды сұрақ - жеке үй шаруашылығын қолдау, дамыту мәселесі қаралды. Отырыс жұмысына облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Сайлау Оразбаев, Шарбақты және Май аудандық мәслихаттарының хатшылары Нұрлыбек Қизатов пен Гибадат Арынов қатысты.

      Аталған сұрақты дайындау мақсатында депутаттық топтың мүшелері Набережное және Шақат ауылдарына барып қайтты. Онда жеке үй шаруашылығын дамытумен айналысатын округ тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында сүт жинау және қайта өңдеу сұрақтары көтерілді, сондай-ақ ӘКК құру бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.

         Депутаттар кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Динара Досанованың және Чернорецк, Луганск ауылдық округтерінің әкімдері Серік Омаров пен Вадим Щегловтың ақпаратын тыңдады. Талқылау кезінде облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Сайлау Оразбаев жайылымдардың жетіспеушілігі туралы сұрақ қойған болатын. Жер қатынастары бөлімі басшысының мәліметі бойынша, 3 ауылдық округте - Заңғар, Ольгинка және Ефремовкада мал басының саны жайылымдық жерлерге сәйкес келеді. Ал басқа ауылдық округтерде, өкінішке орай, жайылым тапшылығы 60% - ға дейін барады.

         Сонымен бірге, отырыста сүт сату мәселесі де көтерілді. Ауданда орташа есеппен сүт 90-100 теңгеден қабылданады. Депутаттар округ әкімдеріне жеке үй-жайларды дамыту және ӘКК құру бойынша жұмыс жүргізуді ұсынды. Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құру сүт сатумен, кәсіпкерлік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын округ тұрғындарына мемлекеттік қолдау алуға мүмкіндік берер еді. Бұл өз кезегінде алынған пайданы ауыл шаруашылығы қызметінің басқа түрлеріне жұмсауға, қызметкерлерді жалдауға, ауылда жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берер еді. Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар тиісті қаулы қабылдады.