Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7843
Бір айда511
Бір аптада54
Кеше2
әдеп жөніндегі уәкілдермен кеңес
23-04-2021 09:58
әдеп жөніндегі уәкілдермен кеңес

Бүгін ZOOM платформасы арқылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Ержан Қарымсақовтың төрағалығымен Павлодар облысы бойынша әдеп жөніндегі уәкілдермен кеңес өтті. Отырыс барысында мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдерінің 2021 жылға арналған Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру жоспарын іске асыру жөніндегі, сондай-ақ "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Өзгерістерді өзіңнен баста" кіші бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі есептері тыңдалды. Отырысқа Павлодар аудандық мәслихат аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі, аппарат басшысы Айымгүл Таласова қатысты.